23.04.2026, 16:45
Оқылды: 8

Қазақстанда сарбаздарға смартфон қолдануға рұқсат берілді 

Смартфон тек белгіленген уақытта қолдануға рұқсат етіледі. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков мерзімді әскери қызметтегі сарбаздарға смартфон пайдалануға қойылған тыйымның алынуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

телефон

Сурет: сайт архивінен 

" Қорғаныс министрінің осындай бұйрығы бар. Қарулы күштердің режимдік нысандарынан тыс жерде смартфон қолдануға рұқсат етілді. Бұл рұқсат мерзімді қызметтегі барлық сарбаздарға қатысты", – деді вице-министр Сенатта өткен брифингте.

Айтуынша, смартфон қолдануға барлық әскер түрлері мен құрамаларында, барлық жерде рұқсат етілген.

"Бірақ ата-аналар ұлдарына кез келген уақытта смартфон арқылы хабарласа алмайды, яғни белгіленген уақыт бар. Себебі сарбаз кез келген уақытта жауап бере алмайды: ол атыс жаттығуында, оқу-жаттығуда болуы мүмкін және тағы басқа жағдайлар болады. Әскери бөлім командирі нақты уақытты белгілейді, сол кезде сарбаздар телефон пайдалана алады. Бұл ақпарат алдын ала жеткізіледі", - деп жауап берді Асқар Мұстабеков.

Еске салайық, бұған дейін министр сарбаздарға телефон қолдануға қатысты бұйрыққа қол қойған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале