30.04.2026, 22:00
Оқылды: 6

Бөкей ордасы ауданы: саз мектебінде мәнді шара өтті

Бөкей ордасы аудандық балалар музыка мектебінде «Q-BILIM» серіктестік желісі жобасы аясында «Музыка – шабыт, тәжірибе – даму, синергия – нәтиже» атты облыстық семинар ұйымдастырылды.

IMG-20260430-WA0073
Балалар музыка және өнер мектептері арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған шараға Шыңғырлау ауданының балалар жасөспірімдер туризмі және экологиялық орталығының директоры Мереке Құрымбаев, Бөрлі ауданының балалар өнер мектебінің оқытушысы Нұргүл Сахипкереева, Орал қаласының № 1 балалар өнер мектебінің домбыра аспабының оқытушысы Әсет Махатов, Ақжайық ауданының балалар музыка мектебінің вокал сыныбының оқытушысы Гүлнар Айтуарова, Ақжайық ауданының балалар музыка мектебінің баян сыныбының оқытушысы Асылхан Сәрсенғазиев, Бөрлі ауданының балалар өнер мектебінің директоры Салтанат Хусаинова, Бөрлі ауданының балалар өнер мектебінің қобыз сыныбының оқытушысы Айжан Есімова, Бөрлі ауданының балалар өнер мектебінің баян сыныбының оқытушысы Ольга Антонова келіп қатысты.

IMG-20260430-WA0067
Аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеттің меңгерушісі  Айгүл Кадимованың «Қош келдің» сөздерімен бастау алған шара OPEN SPACE- жобаға қатысушыларды тіркеу, ІDEA BOOST – идеялар алаңы, SKILL LAB – орындаушылық шеберлікті дамыту, TALENT SPOT – дарын алаңы, EDU TREND – болашақ музыка мектебі, CREATIVE LAB – электронды музыка және ансамбльдік жұмыс, MASTER SHOW – шеберлік шеруімен жалғасты.

IMG-20260430-WA0069
Балаларды өнерге баулып, музыкалық қабілетін ұштайтын ұстаздар арасындағы бұл шара шеберлік сағаты, тәжірибе алмасу алаңы, мүдделестер  басқосуы десек артық айтқанымыз емес.

Темхар Рахметолла
Суретке түсірген автор

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале