Теректі ауданы, Подстепное ауылында игі шараның бастауы болды. Юбилейный ауылының тұрғыны Бейбіт Қуанышқалиевтың "Өмір-Арман" атты кітабының тұсаукесері өтті.

Оған автордың ауылдастары, туыстары мен кітап сүйер қауым қатысты. "Өмір-Арман" атты кітабының мазмұны – жалпы өмір хақында жазылған өлеңдердің жинағы. Бейбіт ағамыздың авторлығымен жариялаған аталмыш өлеңдер топтамасы бүгіннен бастап халыққа жол тартты.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Лунара Сердалиева құттықтау сөзін жеткізіп, алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

Сондай-ақ кітап авторымен кезінде қызметтес болған әріптестері де жылы лебізін білдіріп, гүл шоқтарын ұсынды.
Темірболат Әнуарұлы,
Теректі ауданы