Теректі ауданында «Respublica» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының бастамасымен және «Re.Women» Ақжайық әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен «Әйел. Қоғам. Өзгеріс» семинары аясында кездесу өтті. Шара барысында «Re.Women» әйелдер қауымдастығының 50-ші аудандық өкілдігі ашылды.

Іс-шара барысында түрлі сала өкілдері қатысып, әйелдердің қоғамдағы рөлі, әлеуметтік-экономикалық белсенділігі және өңірдің өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды. Семинар барысында спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасу алаңы қалыптасты.
Кездесудің басты мақсаты – әйелдердің әлеуетін арттыру, олардың қоғамдағы белсенділігін қолдау және жаңа мүмкіндіктерге жол ашу.
Теректі аудандық әйелдер қауымдастығының төрайымы болып Балдакова Анаргул Сергеевна тағайындалды.

Сонымен қатар, «Respublica» партиясы орталық аппарат басшысының көмекшісі, «Re.Women» әйелдер ұйымының төрайымы Айдана Кенбайқызы Тоғызбаева, партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Дулат Нұрланұлы Мақатов және Батыс Қазақстан Re.Women қауымдастығының төрайымы Оразгалиева Зульфия Мергеновна партия қатарына жаңадан қабылданған мүшелерге партиялық билеттерді салтанатты түрде табыстап, жаңа партияластарға сәттілік тіледі.
Осындай мазмұнды кездесулер қоғамдағы әйелдердің рөлін нығайтып, өңірдің дамуына оң серпін береді.
Әдемі Талғатқызы,
Теректі ауданы