30.04.2026, 17:29
Оқылды: 59

Оралда «Адал азамат: ауыл мектебінің келешегі» атты республикалық семинар-тренинг өтті

Оралда ауылдық білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруді көздейтін «Адал азамат: ауыл мектебінің келешегі» атты республикалық семинар-тренинг өтті.      Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен, «Ауыл» партиясының және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің бірлескен бастамасымен жүзеге асырылуда. 

ffb85d03-55ad-4970-a430-93df4e983131

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауларында «Адал азамат» тұжырымдамасын негізге ала отырып, әділетті қоғамның негізін интеллектуалды әрі жауапкершілігі жоғары ұрпақ қалайтынын баса атап өтті.

Іс-шараның салтанатты бөлімінде Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Мирболат Нұржанов өңірдегі ағарту ісінің стратегиялық бағыттарына тоқталды: «Ақжайық – қашанда білім мен ғылымның, мәдениет пен парасаттың алтын бесігі. Біздің бүгінгі межеміз – қала мен ауыл мектебінің арасындағы алшақтықты жойып, шалғайдағы әрбір оқушыға заманауи мүмкіндіктерді қолжетімді ету. Бұл семинар – Батыс Қазақстан ұстаздарының кәсіби кемелденуіне және жас ұрпақтың бәсекеге қабілетті болып өсуіне серпін беретін бірегей алаң», – деп атап өтті ол.

                                      93cf7c1a-2e7b-46e4-9be0-fea3b19ac0f2 +

Жиын барысында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі Айгерім Сарсенбаева цифрлық қоғамдағы қауіп-қатерлер мен бала тәрбиесінің өзектілігін алға тартты:

«Біз бүгін тек білімді ғана емес, рухани діңгегі берік "Адал азаматты" тәрбиелеуіміз керек. Технология дамыған заманда балаларымызды кибербуллинг, лудомания секілді жат ағымдардан қорғау – басты парызымыз. Біздің мақсатымыз – қауіпсіз цифрлық орта қалыптастырып, заманауи психологиялық қолдауды әрбір ауылдық отбасына жеткізу», – деді А. Сарсенбаева.

Ал «Ауыл» партиясы Төрағасының орынбасары Қуаныш Сейтжанов   ауыл мұғалімінің қоғамдағы жаңа мәртебесі мен миссиясына басымдық берді:

«Ауыл мектебі – ұлттық бірегейлігіміздің Темірқазығы. Бүгінгі ауыл мұғалімі жай ғана педагог емес, ол – жасанды интеллектіні серік еткен, жаһандық трендтерді меңгерген "жаңа заман ағартушысы". Орал топырағындағы бұл басқосу – ауылдың интеллектуалды әлеуетін арттыру жолындағы маңызды белес», – деп түйіндеді сөзін.          Семинардың күн тәртібі тек теориямен шектелмей, заман талабына сай ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

d907f6b0-759f-4a3e-9424-88c9d77d2bc2

d9d2c78f-d1e7-48f1-b4ec-ef8b319dc2d1

«Білім берудің жаңа парадигмасы: құндылық, сапа және даму» тақырыбындағы пленарлық отырыста «Qazaq Digital Mektebi» жобасы мен цифрлық технологияларды оқу үдерісіне енгізу мәселелері қызу талқыланды. Жиынның екінші бөлімінде қатысушылар төрт секцияға бөлініп, төмендегідей маңызды бағыттар бойынша тәжірибе алмасты:

Әлеуметтік тәуекелдермен күрес: Балалардың гаджеттерге тәуелділігі мен лудоманияның алдын алу;

Цифрлық сауаттылық: Оқу үдерісінде Жасанды интеллект (AI) мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;

Киберқауіпсіздік: Мұғалім мен оқушының виртуалды кеңістіктегі қауіпсіздік мәдениеті;

Жаһандық білім: Ауыл мұғалімдері мен түлектеріне арналған халықаралық бағдарламалар мен басқарудың икемді (Agile) тәсілдері.

Бұл семинар-тренинг – ауыл мектебінің жай ғана білім ордасы емес, заманауи технологиялар мен ұлттық құндылықтар тоғысқан үлкен орталыққа айнала алатынын дәлелдеді. Жиын соңында қатысушылар ауылдық білім сапасын арттыру бойынша нақты ұсыныстар жиынын әзірледі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале