1.05.2026, 0:00
Оқылды: 18

БҚО-ға іссапары аясында

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Айгерім Сәрсенбаеваның Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері және сарапшыларымен кездесуі өтті.

f149d625-76eb-4ebd-8f0d-9717133ffdd5
Олардың қатарында Батыс Қазақстан облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Ш. Өтебалиева, Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының №1 қалалық емханасының директоры Ш. Сәрсенғалиев, Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Г. Шукеева, «Aqjaiyq» ӘКК АҚ төрағасының орынбасары Ж. Беккалиева, Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары М. Нұржанов, қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Т. Сейтакова, «Ана үйі» қоғамдық қорының Батыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік үйлестірушісі З. Шканова, «ITGroupKazakhstan» ЖШС директорының орынбасары А. Сабурова және басқалар болды.

d8439d24-3477-4a91-ada3-402e21c67406
Тараптар өңірдің жинақталған тәжірибесін ғана емес, сонымен қатар медицина және білім беру, цифрлық және гуманитарлық бағыттар, кәсіпкерлік пен халықты жұмыспен қамту, көлік-логистика және басқа да салаларда облыстық комиссия мүшелері мен сарапшылар кездесетін республикалық деңгейде шешуді қажет ететін өзекті мәселелерді талқылады.

8fe5252f-0eeb-4927-91c1-cb2d87731b33
Сонымен қатар Айгерім Арыстанбекқызы Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжіне» барып, педагогтармен, жаттықтырушылармен және тәрбиеленушілермен кездесті.

2d711883-6da7-4790-9af1-fd7c0e718341

Ұжыммен әңгімелесу барысында ол тұлғаны жан-жақты қалыптастырудың маңыздылығын тағы да атап өтіп, оның негізі балалық шақтан қаланатынын жеткізді.

Сапар жалғасуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале