Салтанатты шара барысында тұрғындарға жаңа баспананың кілттері табысталды. Аталған пәтерлер мемлекеттік әлеуметтік қолдау бағдарламасы аясында сатып алынып, кезекте тұрған азаматтарға белгіленген тәртіппен берілді.
Сурет: сайт архивінен
Іс-шараға Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов қатысып, жаңа қоныс иелерін құттықтап, тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.
Жалпы, бағдарлама аясында 53 пәтер сатып алынып, оның басым бөлігі бұған дейін тұрғындарға берілген болатын. Бүгін қалған 10 пәтердің кілті табысталды.
Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі