12.06.2026, 10:00
Оқылды: 39

Арменияның «FlyOne Armenia» әуе компаниясы Қазақстанға рейстер ашады

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшу бағыттарының географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

_gluster_2026_6_12_8a244a6c17e0e4a37ba50ff2d03db3be_1280x720

Осы орайда, ағымдағы жылдың 12 маусымынан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Арменияның жаңа шетелдік әуе тасымалдаушысы – «FlyOne Armenia» әуе компаниясы қосылды.

Әуе компаниясы Ереван – Алматы бағыты бойынша аптасына 2 рет (дүйсенбі және жұма күндері) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды. Нәтижесінде Қазақстан мен Армения арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 3 рейстен 5 рейске дейін артады.

Қазақстан мен Армения арасындағы жаңа әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале