21.06.2026, 19:00
Оқылды: 5

Шыңғырлауда Елдос Ортаевты еске алуға арналған арқан тарту турнирі өтті

Шыңғырлау ауданында ел бірлігі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында жерлесіміз Елдос Ортаевты еске алуға арналған арқан тарту спортынан ауданның ашық біріншілігі өтті.

image-21-06-26-05-19

Дәстүрлі спорттық додаға ауданның ауылдық округтерінен және көршілес өңірлерден келген командалар қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Шыңғырлау аудандық дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінің директоры Жұбаныш Түймешов өз сөзінде бұл спорт түрінің жастар тәрбиесіндегі маңызына тоқталып, ұлттық мұраны ұлықтайтын мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Күш пен төзімділікті талап ететін тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша жоғары дайындық көрсеткен «Алмаз» командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды «Орал» командасы иеленсе, жүлделі үшінші орын Қазталов ауданынан келген «Жаңа жол» құрамасына бұйырды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қатысушылар мен жанкүйерлер бұқаралық спортты дәріптеп, қоғамдағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізген осы шара үшін ризашылықтарын білдірді.

Сара Әділ,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале