20.06.2026, 19:30
Оқылды: 6

Елге адал қызмет еткен тұлғалар дәріптелді

Қазталов аудандық кітапханасында ұйымдастырылған «Құрмет» танымдық жобасы аясында мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері — Азамат Әбуғалиев пен Қымбат Тахановамен кездесу өтті.

image-20-06-26-01-37-3

Шараның басты мақсаты — саналы ғұмырын ел игілігіне арнаған азаматтардың өмір жолын кейінгі буынға үлгі етіп, адал еңбек пен адамгершілік құндылықтарын дәріптеу. Жиынға кітапхана оқырмандары, жастар және мемлекеттік қызметшілер қатысты.

image-20-06-26-01-37-5

Кеш барысында Азамат Қанатқалиұлы мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі мен елге адал қызмет етудің маңызына тоқталып, кәсіби тәжірибесі туралы сыр шертті. Ал Қымбат Сәрсенғалиқызы еңбек жолындағы қызықты оқиғаларын баяндап, адам бойындағы ізгілік пен табандылықтың маңыздылығын атап өтті.

image-20-06-26-01-37-7

Тағылымды кездесуде Қазталов ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұрсұлтан Серік сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметтің мәртебесін арттыруға үлес қосқан кеш қонақтарына аудан жұртшылығы атынан ризашылық білдірді. Ол ардагерлердің қоғам өміріне қосқан еңбегін жоғары бағалап, оларға алғысхаттар мен естелік сыйлықтарды салтанатты түрде табыс етті.

Ернәсіл Рысқалиев,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале