Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы өңірдің көрікті жерлерін таныту мақсатында «Батыс Қазақстанды таны» атты фото және бейнеролик байқауын жариялайды.

Облыс тұрғындары мен қонақтарын туған өлкенің әсем табиғатын бірге насихаттауға шақырамыз. Байқауға БҚО-ның барлық азаматы қатыса алады.
ЖҮЛДЕ ҚОРЫ:
I орын — iPhone
II орын — Планшет
III орын — Велосипед
БАЙҚАУ НОМИНАЦИЯЛАРЫ:
«Үздік фото»: Өңірдің табиғи, тарихи және мәдени нысандары бейнеленген сапалы фотосуреттер қабылданады.
«Үздік бейнеролик»: БҚО-ның туристік орындары туралы ұзақтығы 30 секундтан 2 минутқа дейінгі бейнероликтер ұсынылуы қажет.
ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ:
Жұмысыңызды әлеуметтік желідегі жеке парақшаңызда жариялаңыз.
Жазба астына @TourWestKaz және @visit_aqjaiyq аккаунттарын белгілеңіз.
#VisitAQJAIYQ және #TourWestKaz хэштегтерін қолданыңыз.
Материалдың түпнұсқасын (сапалы нұсқасын) байланыс деректеріңізбен бірге turizm-sport09@mail.ru электрондық поштасына жолдаңыз.
Маңызды мерзімдер:
Өтінімдер 2026 жылғы 24 маусымға дейін қабылданады.
Байқау қорытындысы 26 маусым күні жарияланады.
Анықтама телефондары: +7 (7112) 50-52-72, +7 701 851 09 86.