29.06.2026, 23:00
Оқылды: 10

Қазақстан мен Грузия Стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мәлімдемеге қол қояды

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе шағын құрамда келіссөз жүргізді.

photo_5337220237016898657_y

Фото: aqorda_resmi

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сапардың екіжақты қарым-қатынасты нығайтудағы маңызы зор екенін атап өтіп, Қазақстан Грузияны стратегиялық әрі дәстүрлі серіктесі ретінде көретінін жеткізді. Мемлекет басшысы елдер арасындағы экономикалық, гуманитарлық және туризм саласындағы байланыстардың сәтті дамып жатқанын айтып, болашақта осы ынтымақтастыққа тың серпін беру үшін қолда бар әлеуетті барынша пайдалану қажеттігіне тоқталды.

Өз кезегінде Ираклий Кобахидзе Қазақстанға келу өзі үшін үлкен мәртебе екенін білдіріп, Грузияның да бұл серіктестікке ерекше мән беретінін растады. Ол саяси, экономикалық, білім беру және мәдениет салаларындағы ықпалдастықты арттыруға ниетті екенін айтып, сапар аясында қол қойылатын Стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мәлімдеме екі елдің байланысын жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді. Сондай-ақ Грузия Үкіметінің басшысы екіжақты достықты қолдағаны үшін Қазақстан Президентіне алғысын айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале