29.06.2026, 21:30
Оқылды: 91

Нариман Төреғалиев Тасқала ауданындағы әлеуметтік нысандарды аралады

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапарымен Тасқала ауданына келіп, бірқатар маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысанды аралады.

image-29-06-26-08-59-6

Өңір басшысының бұл сапары ауылдардың тыныс-тіршілігімен танысып, ел игілігіне бағытталған жобалардың жүзеге асу барысын бағамдауға арналды. Сапар Мерей ауылдық округіне қарасты Айнабұлақ ауылынан басталып, облыс әкімі заманауи талаптарға сай жаңадан бой көтерген 60 орындық мектептің құрылысымен танысты.

image-29-06-26-08-59-1

Мұнан соң Нариман Төреғалиұлы Достық ауылына барып, күрделі жөндеуден өткен «Семиглавый Мар» теміржол вокзалының ашылу рәсіміне қатысты. Ресей Федерациясымен шекаралас орналасқан ауыл үшін стратегиялық маңызы зор бұл нысан тұрғындарға қолайлы қызмет көрсетіп, өңіраралық қатынасты дамытуға септігін тигізбек. Сондай-ақ өңір басшысы экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында жүргізіліп жатқан Деркөл өзенін тазарту жұмыстарымен танысты.

image-29-06-26-08-59-3 image-29-06-26-08-59-2

Сапар барысында облыс әкімі Қазақстан ауылдық округіне қарасты Молочный қыстағындағы «Армат» шаруа қожалығының тынысымен танысып, агроөнеркәсіп саласындағы жұмыстарға оң бағасын берді.

image-29-06-26-08-59

Облыс басшысының жұмыс сапары Қисықсай қыстағында жалғасып, көктемгі тасқынның алдын алу және ауыл шаруашылығын сумен қамту мақсатында қолға алынған Жайықбай каналын тазарту жұмыстарын тексерумен қорытындыланды.

Назгүл Серікқызы,
Тасқала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале