30.06.2026, 11:45
Оқылды: 21

БҚО-да Семиглавый Мар станциясы пайдалануға берілді

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының 110 жылдық тарихы бар. Жаңадан салынған нысан салтанатты түрде пайдалануға берілді. Оған аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, БҚО мәслихат депутатары, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ақтөбе магистралды желі бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Жайлаубай Серғали, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген қатыстыс

WhatsApp Image 2026-06-30 at 12.19.06 (1)

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған жобаның маңызына тоқталды.

WhatsApp Image 2026-06-30 at 12.19.06 (3)

- Президент тапсырмасына сәйкес біз негізгі көлік нысандарын жаңарту бойынша кешенді жұмысты аяқтай келдік. Бұл жолаушылардың жағдайын жақсартып қана қоймай, облыс экономикасы мен логистикасының дамуына да септігін тигізеді», деді Нариман Төреғалиев.

WhatsApp Image 2026-06-30 at 12.19.06 (2)

Семиглавый Мар бекеті арқылы күніне 2 пойыз қатынайды. Станция салынғалы жібі түзу жөндеу көрген жоқ. Маңызды нысанның жаңғыртылуы жолаушылар үшін жайлы жағдай жасап қана қоймай, облыс экономикасы мен логистикасын дамытуға тың серпін береді.

WhatsApp Image 2026-06-30 at 12.19.06

Жоба аясында станция сүріліп, жаңадан салынды. Заманауи күту залдары жасақталып, жаңартылған навигация және ақпараттандыру жүйелері орнатылды. Ғимараттың сәулеті қазіргі заманға лайықталып, айналасы абаттандырылды.

WhatsApp Image 2026-06-30 at 12.26.20

Айта кетейік, былтыр өңірде 419 мың жолаушы пойызбен қатынаған. Теміржол арқылы 5 млн тонна жүк тасымалданған.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале