ҚР ҰОК баспасөз қызметі хабарлағандай, Нидерландтың Гаага қаласында жағажай волейболынан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты басталды.

Фото: olympic.kz
Бұл байрақты бәсекеде ел намысын ерлер мен әйелдер құрамасы қорғайды.
Ерлер арасындағы сында Қазақстан атынан Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш бақ сынайды. Олар «Е» тобына түсіп, Эстония, Чили және Литва құрамаларынан жиналған қарсыластарымен кездесетін болады.
Ал әйелдер арасында ел намысын Гаяна Галаш пен Мерей Қожахмет қорғайды. Біздің жұп «G» тобында өнер көрсетіп, Латвия, Венесуэла және Канада командаларына қарсы ойын өткізеді. Айта кетейік, дүбірлі әлем біріншілігі 12 шілдеге дейін жалғасады.