8.07.2026, 21:15
Оқылды: 6

Әжімбет магистральді каналында жөндеу жүріп жатыр

«ҚазСуШар» РМК БҚОФ Қазталов учаскесінің бастығы Еркебұлан Ермұханов хабарлағандай, ауданда су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында Әжімбет магистральді каналы бойындағы «Байбоз» су реттегіш қақпасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

image-08-07-26-08-47-5

Жөндеу барысында қақпалар мен олардың винтті көтергіш механизмдері жаңартылып, жоғарғы және төменгі металл конструкциялары бөлшектеліп, қайта орнатылуда. Сондай-ақ нысанның бетон негіздерін қалпына келтіру және бетон құю жұмыстары қолға алынған.

image-08-07-26-08-47-1

Маманның айтуынша, бұл жұмыстар су реттегіш нысанның сенімділігін арттырып, төменгі ағыста орналасқан елді мекендерді суармалы және шаруашылық мақсаттағы сумен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл шаралар Қазталов ауданының экологиялық ахуалын жақсартуға, су ресурстарын тиімді пайдалануға және табиғи тепе-теңдікті сақтауға оң әсерін тигізбек.

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале