ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы маусым айында Қазақстанда тұрғын үйді алып-сату бойынша 39 053 мәміле тіркелді.

Бұл көрсеткіш ағымдағы жылдың мамыр айымен салыстырғанда (30 420 мәміле) 28,4%-ға өскенін көрсетеді. Тұрғын үй нарығындағы белсенділіктің артуы еліміздің барлық өңірлерінде байқалып отыр.
Мәмілелер саны бойынша Алматы (6 841 – 17,5%) және Астана (6 436 – 16,5%) қалалары, сондай-ақ Қарағанды облысы (3 772 – 9,7%) дәстүрлі түрде көш бастап тұр. Ал ең аз көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелді — небәрі 360 мәміле (0,9%). Сонымен қатар бір ай ішінде сұраныстың ең жоғары өсімі Маңғыстау (+67,4%), Қарағанды (+43,4%) және Атырау (+40,9%) облыстарында байқалды.