12.07.2026, 16:30
Оқылды: 6

Астана мен Алматыдан Гонконгқа тікелей рейстер іске қосылады

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ведомство халықаралық әуе қатынастарының географиясын кеңейту және жаңа шетелдік әуе тасымалдаушыларын тарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.

anestiev-airplane-7429725_1920

Фото: pixabay.com

Осы бағытта Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Гонконгтың «Cathay» ұлттық әуе компаниясының Таяу Шығыс бойынша өңірлік менеджері Оливер Коэльомен кездесті. Келіссөздер барысында Азиядағы ең ірі әуе тасымалдаушыларының бірі Қазақстанға тұрақты жүк және жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Авиакомпания өкілінің сөзінше, 2026 жылғы 1 тамыздан бастап «Боинг-747» ұшақтарымен Астана қаласына аптасына 5 ретке дейін тұрақты жүк рейстері орындала бастайды. Сонымен қатар, 2027 жылдың қаңтарынан бастап «Эйрбас-330» әуе кемелерімен аптасына 3 рет жиілікпен Гонконг – Алматы бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейсі іске қосылмақ. Қазақстан тарапы бұл жобаларды жүзеге асыруға толық қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Жаңа әуе маршруттарының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, логистикалық және туристік байланыстарды жаңа деңгейге көтереді деп күтілуде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале