20.07.2026, 19:00
Оқылды: 87

Алматы – Бішкек автожолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматы облысының Қарасай ауданында республикалық маңызы бар Алматы – Бішкек автомобиль жолының 19-27-шақырым аралығын қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары басталды.

photo_5399996501217451403_y

Фото: KZgovernment

Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев, Алматы облысы әкімдігінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Қарасай ауданы әкімдігінің, мердігер ұйымдардың және БАҚ өкілдері қатысты. Тәулігіне 70 мыңнан астам автокөлік қатынайтын бұл жолдың қазіргі төрт жолақты бөлігінің өткізу қабілеті жеткіліксіз болып, көлік кептелісін тудырып отырғандықтан, жүріс бөлігі төрт жолақтан сегіз жолаққа дейін кеңейтілетін болды.

Жоба аясында «таға» үлгісіндегі екі жолайрық, тоғыз жерүсті жүргіншілер өткелі салынып, тротуарлар, сыртқы жарықтандыру, жаңа күрделі жабын төселіп, инженерлік желілер қайта жаңартылады. 2026 жылдың сәуір айында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған бұл жоба Алматының көлік жүйесін кешенді дамыту жұмыстарының бір бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта қалада Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейінгі жолдар кеңейтіліп, метро, LRT және SkyTrain жүйелері қатар дамытылуда.

Жобаны іске асыру Алматыға кіреберіс және шығаберіс бағыттардағы көлік жүктемесін азайтып, Қазақстан мен Қырғызстанды байланыстыратын халықаралық көлік дәлізін дамытуға әрі елдің транзиттік әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале