20.07.2026, 21:00
Оқылды: 48

Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28%-ға артты

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 25,7 мың тонна ірімшік пен сүзбе өндірілді.

kaseplatte-668516_1280

Фото: pixabay.com

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға немесе 5,6 мың тоннаға артық. Осы аралықта қазақстандық өндірушілер шетел нарығына шамамен 0,9 мың тонна ірімшік пен сүзбе экспорттады. Отандық өнім Ресей, Қырғызстан және Арменияда тұрақты сұранысқа ие, сондай-ақ Өзбекстан мен Моңғолияға жеткізілім көлемі айтарлықтай артты. Бұдан бөлек, өткізу нарығының географиясы кеңейіп, Әзербайжан мен Корея Республикасының нарықтарына алғашқы экспорттық жеткізілімдер жүзеге асырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале