Шыңғырлау ауданында жазғы дала жұмыстары қарқын алды.

Аудан бойынша шөп шабу мен мал азығын дайындау науқанымен қатар егін орағы да қатар жүргізілуде.
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, 2026-2027 жылғы мал қыстағына 138,9 мың тонна шөп дайындау жоспарланған. Тамыз айының басындағы жағдай бойынша өткен жылғы қорды қоса есептегенде 108 545 тонна шөп жиналды (жоспардың 78,1%-ы). Науқанға 370-тен астам техника мен 175-тен астам шаруа қожалығы және жеке тұлға жұмылдырылған. Бөлім басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Садықов шөп шабу жұмыстарының ұйымдасқан түрде өтіп жатқанын және тұрғындардың сұранысын қамтамасыз ету басты назарда екенін айтты.

Сонымен қатар ауданда егін орағы басталып, 2390 гектар алқаптың дәнді дақылдары бастырылды. Былтырғы көктемгі дала жұмыстарында 8 893 гектар дәнді, 6 667 гектар майлы және 7 050 гектар мал азықтық дақылдар себілген болатын. Аграршылар қолайлы ауа райын тиімді пайдаланып, науқанды сәтті аяқтауды көздеп отыр.
С. Өсәлім,
Шыңғырлау ауданы