«Дән» ауылдық кітапханасы мен Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына орай «Абай әні – халық үні» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Кеш барысында Абайдың өлеңдері, қара сөздері мен табиғат лирикасы мәнерлеп оқылып, «Толық адам» ілімі кеңінен талқыланды.
Шараның шырайын «Елім-ай» халықтық әжелер ансамблі ашып, ақынның әндерін орындады. Сонымен қатар «Дән» ауылдық кітапханасының кітапханашысы Сандуғаш Жупиева «Абай мұрасы – ұлттық құндылық» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, оқырмандарға мазмұнды библиографиялық шолу жасады.
Сара Шакрат,
Шыңғырлау ауданы