«Жайық Пресс» ЖШС Бөрлі филиалына қарасты «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы қызметіне Сыдықов Мейрамбек Тілекқабылұлы тағайындалды.

Осыған орай ұйымдастырылған жүздесуде, басылымды ұзақ жылдар бойы абыроймен басқарып, өңір журналистикасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ақын Дариға Нұрашоваға ерекше құрмет көрсетілді. Дариға Кеңесбайқызына аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов пен «Жайық Пресс» медиахолдингінің бас директоры Дархан Оразов көпжылдық қажырлы еңбегі үшін алғыс хат табыстап, жылы лебіздерін білдірді. Аталған шараға «Жайық Пресс» медиахолдингінің бас директоры Дархан Оразов, аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақмарал Исмағұловалар қатысып, жаңа басшының қызметіне сәттілік тіледі.

Мейрамбек Тілекқабылұлына жаңа қызметінде толағай табыс, шығармашылық шабыт пен жауапты жұмысына сәттілік тілейміз! Ал Дариға Кеңесбайқызына өңір журналистикасына сіңірген еңбегі үшін алғысымыз шексіз.
Сәнім Меңдібай
Бөрлі ауданы