9.08.2026, 10:00
Оқылды: 7

Ақтауда Caspian Clean Challenge халықаралық экологиялық марафоны өтті

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Ақтауда Халықаралық волонтерлер жылы аясында ұйымдастырылған Caspian Sea Action Week 2026 халықаралық волонтерлік апталығы шеңберінде Caspian Clean Challenge экологиялық марафоны өтті.

photo_5458525875985914800_y

Фото: madenietaqparat

Іс-шара Каспий теңізінің экожүйесін сақтауға қоғам назарын аударып, волонтерлік бастамаларды қолдауға бағытталды.

Марафон спорттық белсенділікті жағалауды қоқыстан тазартумен ұштастыратын плоггинг форматында өтті. Оған Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Иран, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген волонтерлер қатысып, Каспий маңы елдерінің табиғатты қорғаудағы ортақ жауапкершілігін көрсетті.

photo_5458525875985914799_y

Сонымен қатар іс-шара барысында арнайы экологиялық қалашық ұйымдастырылып, онда эковолонтерлік жобалар таныстырылды, қалдықтарды сұрыптау жолдары көрсетіліп, шеберлік сабақтары өткізілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале