10.08.2026, 16:15
Оқылды: 13

11 спортшы грант иегері атанды

Биыл Батыс Қазақстан облыстық Олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжін 38 түлек тәмамдап, үлкен өмірге қадам басты. Оқу ордасында білім алып, спортта шыңдалған жас түлектердің басым бөлігі енді жоғары білім алып, таңдаған саласында кәсіби жолын жалғастырмақ.

80ffd67f-3525-4a41-a2c0-ff84ae9004bb

Күні кеше мемлекеттік білім беру грантының иегерлері белгілі болды. Оның қорытындысында спорт мектебінің 11 түлегі грантқа ие болды.

Олардың қатарында волейболшылар Саясат Күнбөбек, Адиля Бапиев, Дана Жомарт, әйелдер күресінен шеберлер Айымгүл Сағидолла мен Фарида Абдрахманова, дзюдошы Гүлназ Ғалмжан, шорт-трекшілер Аэлита Набет пен Эвелина Санбаева, сондай-ақ Мирас Самигулов пен Айтөре Қайырбеков, Кәмиля Серік бар.

Бұл – спортпен қатар сапалы білім алуға ұмтылған жас спортшылардың еңбегіне берілген үлкен мүмкіндік.
Сонымен қатар 10 түлек жергілікті атқарушы орган мен жоғары оқу орны ректорларының гранттарына өтініш берген. Қазіргі таңда олар конкурс нәтижесін күтуде. Оның қорытындысы 16 тамыздан кейін белгілі болады.

Бес жас спортшы өздері білім алған Олимпиада резервінің мектеп-интернат-колледжінде оқуын жалғастырмақ. Төрт түлек республикалық спорт колледждеріне оқуға түссе, тағы бір жас политехникалық бағыттағы мамандықты таңдаған.
Осылайша, биылғы түлектердің әрқайсысы өзіне жаңа мақсат қойып, білім мен спорттағы жолын жалғастыруға мүмкіндік алды.

Кеше ғана спорт залдары мен оқу аудиторияларында жүрген жас өрендер енді ел спортының болашағына айналатын мамандар қатарын толықтырмақ.

Олимпиада резервінің мектебі үшін бұл – тек түлектердің жетістігі емес, жылдар бойғы еңбектің нәтижесі.

Түгелбай Бисен

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале