4.09.2026, 17:45
Оқылды: 174

Оралда «Тіл – тұтастық туы» фестивалі өтті

«Атамекен» өнер ордасында Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тіл – тұтастық туы» фестивалі өтті.

IMG-20260904-WA0054

Мерекелік шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, көршілес елдерде тұратын қазақ диаспорасы өкілдері, зиялы қауым, тіл жанашырлары, тарихшы ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, үкіметтік емес ұйым мүшелері және жастар қатысты.

Аймақ басшысы фестиваль қатысушыларын Қазақстан халқының тілдері күнімен құттықтап, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қастерлі құндылықты сақтау және дамытудың мән-маңызына тоқталды.

IMG-20260904-WA0059

- Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Ұлттық сана ұлттық тілмен ғана қалыптасады. Қазақ тілін меңгеру – біртұтас ұлт болу жолындағы айрықша маңызды қадам», - деп, мемлекеттік тілді халықты ұйыстырудың басты факторы ретінде атап өтті. Отан отбасынан басталады десек, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен бастау алады. Дәстүрге айналған «Тіл – тұтастық туы» фестивалі – өткеннің өсиетіне, бабалар аманатына адалдықтың жарқын көрінісі, - деді Нариман Төреғалиев.

IMG-20260904-WA0057

Бүгінде облыс халқының саны 700 мыңға жуықтаса, оның 21,1 пайызын түрлі ұлыс өкілдері құрайды. Жыл сайын мыңдаған жерлесіміз мемлекеттік тілді тегін оқыту курстарымен қамтылып келеді. Өңірдегі мектеп оқушыларының 70 пайызы, соның ішінде күні кеше 1 сыныпқа қабылданған бүлдіршіндердің 78 пайызы мемлекеттік тілде білім алуда. 2026 жылдың ІІ тоқсанының нәтижесі бойынша облыстағы жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі 98 пайызды құрады.

IMG-20260904-WA0053

Тағылымды шарада өңірде тіл саясатын дамыту ісіне қосқан зор үлесі үшін бір топ азаматқа ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің төсбелгісі, Құрмет грамотасы, сондай-ақ ведомство басшысы мен облыс әкімінің алғыс хаттары табысталды.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

IMG-20260904-WA0058

IMG-20260904-WA0056

IMG-20260904-WA0052

IMG-20260904-WA0051

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале