ҚР Үкіметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмір генерациясын дамыту тапсырмасына сәйкес Абай облысының Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын конденсациялық электр стансасы салынады.

Фото: pixabay.com
ҚР Энергетика министрлігі мен «ГРЭС Курчатов» ЖШС арасындағы құны 881 млрд теңгелік инвестициялық келісімді мақұлдау туралы қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Жоба аясында «таза көмір» технологиялары мен заманауи сүзу жүйелері қолданылып, әрқайсысы 350 МВт болатын екі энергия блогы 2032 жылға дейін кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі.
Станса іске қосылған соң жылына 5 млрд кВт·сағ дейін электр энергиясын өндіріп, 4,4 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.