ҚР ҰОК мәліметінше, Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтетін ХХ жазғы Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының туын ұстаушылар анықталды.

Фото: olympickz
Спортшылар шеруінде көк байрағымызды Олимпиада чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов пен үстел теннисінен ұлттық құрама мүшесі Сарвиноз Миркадирова ұстап шығады.
Айта кетейік, Азиаданың ашылу салтанаты 19 қыркүйекте Nagoya City Mizuho Park Athletic Stadium стадионында өтеді, ал жарыстар 4 қазанға дейін жалғасады.