13.09.2026, 12:00
Оқылды: 208

Азия ойындарының ашылу салтанатында ел туын кімдер көтеретіні белгілі болды

ҚР ҰОК мәліметінше, Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтетін ХХ жазғы Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының туын ұстаушылар анықталды.

IMG_20260913_020041_528

Фото: olympickz

Спортшылар шеруінде көк байрағымызды Олимпиада чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов пен үстел теннисінен ұлттық құрама мүшесі Сарвиноз Миркадирова ұстап шығады.

​Айта кетейік, Азиаданың ашылу салтанаты 19 қыркүйекте Nagoya City Mizuho Park Athletic Stadium стадионында өтеді, ал жарыстар 4 қазанға дейін жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале