17.09.2026, 12:30
Оқылды: 6

Оралда 155 млн теңгелік мемлекеттік сатып алу кезінде жалған банк кепілдігі құжаты анықталды

Компания Орал қаласындағы ағаштарды күтіп ұстау конкурсына қатысқан. Жалған құжатты БҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті анықтады, - деп жазады kaz.inform.kz.

Working on documents and files in the office

Сурет: istockphoto.com

БҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің хабарлауынша, Мемлекеттік сатып алулар порталына web-мониторинг жүргізілді. Сол кезде Орал қаласындағы ағаштарды күтіп-ұстау қызметтерін ұсынған «Е» ЖШС-інің құжаттары тексерілді. Компания құны 155 млн теңге болатын мемлекеттік сатып алу конкурсында банк кепілдігінің жалған құжатын ұсынғаны белгілі болды.

— «Е» ЖШС-і сатып алу рәсіміне қатысу және мемлекеттік тапсырысты алу үшін құжаттар топтамасын ұсынды. Онда банк кепілдігі құжаты да бар. Тексеру барысында аталған кепілдікті ол банктің бермегені анықталды. Осы дерек бойынша Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тиісті хат жолдады.

Нәтижесінде заңсыз жасалған шарт бұзылып, компания жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілді. Мерзімі — екі жыл, — деп хабарлады БҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале