Оқушылар күзде жеті күн демалады. Жаңа оқу жылындағы күзгі каникул қазанның аяғында басталып, қарашаның басына дейін жалғасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сурет: massaget.kz
2026-2027 оқу жылында күзгі каникул 26 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді. Оқушылар барлығы жеті күн демалады. Ал 2 қарашада оқушылар сабағын жалғастырады, екінші тоқсан басталады.
Айта кетейік, Қазақстанда оқу жылы төрт тоқсанға бөлінеді. Жыл бойы оқушыларды қысқы және көктемгі каникулдар күтеді, ал бірінші сынып оқушыларына ақпанда қосымша үзіліс қарастырылған.