2.10.2026, 11:15
Оқылды: 12

Қазақ күресінен облыс чемпиондары анықталды

Орал қаласында 2013–2014 жылы туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен облыс чемпионаты өтуде. Дүбірлі додаға қатысқан Шыңғырлау аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің балуандары жоғары нәтиже көрсетіп, аудан мерейін асқақтатты.

image-01-10-26-04-36 (3)

Атап айтқанда Қарағаш ауылдық округінің, Ақсуат ауылының жас спортшылары екі бірдей салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түсіп, облыс чемпионы атанды. 38 келі салмақта белдескен Аят Шалабаев пен 50 келі салмақта өнер көрсеткен Өтеп Нұрбол жарыстың алтын жүлдесін иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

image-01-10-26-04-37

Жас балуандардың бұл жетістігі табанды жаттығу мен тынымсыз еңбектің, жаттықтырушының кәсіби шеберлігі мен шәкірттерінің жігерлі дайындығының нәтижесі. Жеңімпаздарды жарысқа дайындаған жаттықтырушы Құсайын Ерболатовтың еңбегі де ерекше атап өтуге лайық.

Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Медет Оңдағанов жас балуандардың жетістігіне тоқталып, олардың жеңісі аудан спорты үшін үлкен қуаныш екенін жеткізді.

image-01-10-26-04-37 (1)

- Бүгінде жасөспірімдер арасында осы ұлттық спорт түріне қызығушылық артып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Облыс чемпионатында екі бірдей шәкіртіміздің топ жарып, чемпион атануы жүйелі дайындық пен жаттықтырушының тынымсыз еңбегінің жемісі. Бұл жеңіс өзге жас спортшыларға да үлгі болып, алдағы белестерге деген ынтасын арттырады деп сенемін. Жеңімпаздарымызды және жаттықтырушысы Құсайын Ерболатовты шын жүректен құттықтаймын. Алда әлі талай биік белестерді бағындырып, ауданымыздың абыройын асқақтата берулеріне тілектеспін, – деді.

 

Сара Әділ

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале