2.10.2026, 22:00
Оқылды: 3

Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі «Қазақстан халқына» қорының байқауында І орынға ие болды

15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен байқауда Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі І орынды жеңіп алды.

InShot_20261002_205109535

Бір айға созылған онлайн дауыс беру кезеңінде жаңақалалықтар белсенділік танытып, бейнероликке лайк басып, пікір қалдыру арқылы зор қолдау көрсетті.

Жеңістің ресми марапаттау рәсімі Түркістан қаласында өтіп, салтанатты шараға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Нұрғалиқызы мен аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әдіскері Айнұр Сансызбайқызы қатысты.

Қордың басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева қатысушыларға арнайы сертификат табыстады.

InShot_20261002_205121852

Тұрғындардың ұйымшылдығы мен ауызбіршілігінің арқасында қол жеткізген бұл жетістіктің нәтижесінде енді Жаңақалада жастар мен балаларға арналған толық жинақталған заманауи спорт алаңы бой көтермек.

Ақерке Ғилымхан, 

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале