6.10.2026, 17:00
Оқылды: 10

Жылыту маусымы ерте басталды

Кейінгі күндері күздің қара суығы күшейді. Биыл Орал қаласында  ерте басталды.  Коммуналдық қызметтер көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу беруді кезең-кезеңімен жүргізіп жатыр.

ЖЖК2

– «Жайықжылуқуат» АҚ әлеуметтік нысандарға қыркүйектің 30-ынан бастап жылу бере бастады. Қазанның 1-інен бастап алдымен дайындық құжаты бар бес қабаттан төмен үйлердің жылу жүйесін іске қосты. Ал бес қабаттан жоғары үйлерге бесінші қазаннан бастап жылу берілді. Жалпы осы аптада барлық үйге жылу жетеді, – деді кәсіпорын бас директорының орынбасары Бекболат Камешов. Оралда көп қабатты 1213 үй мен 120 шақты әлеуметтік нысан бар.

ЖЖК

Ереже бойынша сырттағы ауа температурасы 5 күн бойы +8°C және одан төмен болған жағдайда жылыту жүйесі іске қосылады. Ең бірінші кезекте жылу ауруханаларға, балабақшалар мен мектептерге берілсе, содан кейін ғана тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттарға жіберілуде.

Ясипа Рабаева,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале