Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың елімізге мемлекеттік сапары аясында қазақ-оман бизнес форумы өтті.

Фото: aqorda_resmi
Жиында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды ілгерілету үшін келісімшарт-құқық базасы мен институттық негіздерді күшейту маңызды екенін атап өтті. Президент бұл ретте Инвестицияларды көтермелеу туралы келісімнің маңызына тоқталып, «Самұрық-Қазына» АҚ мен Оман инвестициялық басқармасы арасындағы бірлескен инвестициялық құрылымды іске қосу туралы келісімге қол қойылғанын құптады.
Сонымен қатар Қазақстан-Оман іскерлік кеңесі екі елдің іскерлік топтары арасындағы тікелей байланыстарды дамытатын маңызды алаңға айналатынына сенім білдірілді.