6.10.2026, 19:00
Оқылды: 6

Жол саласында сапаны бағалау тәсілі жетілдірілмек

Бұл туралы Жол активтері сапасының ұлттық орталығы РМК баспасөз қызметі хабарлайды. 

InShot_20261006_184918164

Фото: Жол активтері сапасының ұлттық орталығы РМК баспасөз қызметі

Жол инфрақұрылымының сапасын қамтамасыз ету жекелеген нысандарды тексерумен шектелмейді. Жолды жобалау, салу, жөндеу және пайдалану кезеңдерінің әрқайсысында сапаны бағалаудың нақты әрі бірізді тәсілдері қажет.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жол құрылысының сапасын бағалау жүйесін қайта қарау, құрылыс жұмыстарының барлық кезеңінде бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы Ұлттық жол активтері сапасының орталығының жұмысын да күшейтуді тапсырды.

JOLSAPA үшін жол сапасын бақылау – негізгі бағыттардың бірі. Орталық мамандары жол-құрылыс материалдарын зертханалық сынақтан өткізіп, орындалған жұмыстардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, технологиялық бұзушылықтар мен ақауларды анықтайды.

2026 жылдың басынан бері жергілікті жолдарда 15 мыңнан астам жол-құрылыс материалының сынамасы зерттелді. Зертханалық зерттеулер нәтижесінде олардың 32 пайызы белгіленген талаптарға сәйкес келмеген. Сонымен қатар жыл басынан бері жергілікті жолдарда 1 997 технологиялық бұзушылық пен ақау анықталды. Оның 214-і жойылса, 1 783-і әлі жойылған жоқ.

Бұл деректер анықталған сәйкессіздіктерді уақытылы жоюмен қатар, жол сапасын бағалауда нақты әрі бірізді талаптардың қажеттігін көрсетеді. Осыған байланысты нормативтік базаны жетілдіру жол саласындағы жүйелі өзгерістердің маңызды бағыттарының бірі болып отыр.

InShot_20261006_185012761

Автожол саласындағы нормативтік-техникалық базаны өзектендіру бағытында Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің тапсырмасы бойынша «ҚаздорНИИ» тиісті жұмыстар жүргізуде.

JOLSAPA нормативтік талаптарды әзірлеуші орган ретінде емес, жол сапасын бақылау барысында анықталған мәселелерді саралап, қолданыстағы талаптар мен сапаны бағалау тәсілдерін жетілдіру қажеттігін көрсететін кәсіби буын ретінде жұмыс істейді.

Бұл мәселе жақында өткен «Сапалы жолдар: жоспарлаудан пайдалануға дейін» семинар-кеңесінде де талқыланды. Үш күндік іс-шара барысында жолдарды жоспарлау, диагностикалау, жөндеу және жобалау мәселелерімен қатар, жол саласында қолданылатын нормативтік талаптарға назар аударылды.

Талқылау барысында қолданыстағы нормативтік құжаттардағы талаптардың өзара алшақтығы көтеріліп, оларды кешенді түрде қайта қарау қажеттігі айтылды. Бұл жол жұмыстары мен қолданылатын материалдардың сапасын бағалауда бірыңғай тәсіл қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жол сапасын қамтамасыз ету жобалаудан бастап пайдалануға дейінгі барлық кезеңде талаптардың сақталуына, сапалы материалдардың қолданылуына, технологиялық тәртіптің орындалуына және тиімді бақылауға байланысты. Осы бағыттағы жұмыстар JOLSAPA тарапынан жалғаса береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале