ҚР Президентінің кеңесшісі Айбек Смадиярдың мәліметінше, 28-30 қазан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барады.

Фото: istockphoto.com
Сапар барысында Анкара қаласында екі ел басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды келіссөздер жүргізеді.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысып, түркітілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау шараларына қатысады деп жоспарланған.