29.10.2026, 16:50
Оқылды: 30

Қоғамдағы бірлік пен тәртіп – тұрақты дамудың негізі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында қазіргі әлемдегі тұрақсыздық жағдайында ел бірлігін сақтау мен қоғамдық тәртіпті нығайтудың маңызы атап өтілді.

18af1875-a483-48af-850a-afbdbf4dd019

Бүгінде халықаралық қатынастардағы сенім дағдарысы, геосаяси қайшылықтар мен жаһандық сын-қатерлер әр мемлекетке жаңа талаптар қойып отыр. Осындай кезеңде еліміздің ішкі тұрақтылығын сақтау, қоғамдық келісімді нығайту және ортақ мақсаттарға жұмыла білу ерекше мәнге ие.

Менің ойымша, бірлік дегеніміз – тек татулықты сақтау емес, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну, заңды құрметтеу және ел болашағына бейжай қарамау. Ал талап пен тәртіп – азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамның үйлесімді дамуына негіз болатын маңызды қағидаттар.

Қандай күрделі кезең болса да, елдің болашағы қоғамның өзара түсіністігіне, азаматтардың белсенділігіне және ортақ жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан бірлік пен келісімді сақтау – баршамызға ортақ міндет.

                                                          

  Нұрлан Меңдешов,

                                                          

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале