Техникалық жұмыстар бүкіл ел бойынша спутниктік, цифрлық эфирлік және аналогтық телерадио хабарларын тарату желілерін қамтиды. 4 қарашада Қазақстан аумағында телеарналар мен радиостанциялардың хабар таратуы уақытша тоқтатылады. Бұған жоспарлы профилактикалық жұмыстар себеп. Бұл туралы «Қазтелерадио» компаниясы хабарлады - деп жазды baq.kz.

Сурет: istockphoto.com
Техникалық жұмыстар бүкіл ел бойынша спутниктік, цифрлық эфирлік және аналогтық телерадио хабарларын тарату желілерін қамтиды.
Хабар тарату Астана уақытымен сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін тоқтатылады.
Компанияның мәліметінше, профилактикалық жұмыстар телерадио хабарларын тарату желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.