Биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда балаларға қатысты құқықбұзушылықтар саны 3,7%-ға азайды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Оң динамика Жамбыл, Атырау, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында байқалады.
Балалардың құқықтарын қорғау саясатын бағалау мақсатында министрлік өкілдері Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау және Жетісу облыстарына барып, мониторинг жұмыстарын жүргізді. Тексеру нәтижелері білім беру ұйымдарындағы профилактикалық шараларды күшейту қажеттігін көрсетті.
Ішкі істер министрлігімен бірлесіп қатерлерді ерте анықтау жүйесі жетілдірілуде. Сонымен қатар 2026–2027 оқу жылынан бастап 5-11 сынып оқушылары үшін міндетті «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді. Бұл бастамалар «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы мен «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заң аясында жүзеге асырылуда.