4.11.2026, 23:00
Оқылды: 35

Қазақстанда балаларға қатысты құқықбұзушылықтар саны азайды

​Биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда балаларға қатысты құқықбұзушылықтар саны 3,7%-ға азайды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

жп балалар алаңы (3)

Оң динамика Жамбыл, Атырау, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында байқалады.

​Балалардың құқықтарын қорғау саясатын бағалау мақсатында министрлік өкілдері Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау және Жетісу облыстарына барып, мониторинг жұмыстарын жүргізді. Тексеру нәтижелері білім беру ұйымдарындағы профилактикалық шараларды күшейту қажеттігін көрсетті.

​Ішкі істер министрлігімен бірлесіп қатерлерді ерте анықтау жүйесі жетілдірілуде. Сонымен қатар 2026–2027 оқу жылынан бастап 5-11 сынып оқушылары үшін міндетті «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді. Бұл бастамалар «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы мен «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заң аясында жүзеге асырылуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале