8.11.2026, 10:00
Оқылды: 3

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астана қаласындағы Анатолий Храпатый көшесінде орналасқан Тәжікстан елшілігі жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

IMG_20261108_095438_585

Фото: aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон рәсімдік лентаны қиды. Содан соң Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.

IMG_20261108_095459_610

Мемлекеттер басшыларына Тәжікстан елшілігінің ғимараты туралы ақпарат беретін бейнеролик көрсетілді. Содан кейін олар дипломатиялық өкілдікті аралап көрді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале