8.11.2026, 17:00
Оқылды: 0

Қызыл кітапқа енген сұңқарларды заңсыз әкету әрекетінің жолы кесілді

Түркістан облысындағы «Целинный» өткізу пунктінде Қызыл кітапқа енген 11 ителгіні контрабандалық жолмен ел аумағынан әкету әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

InShot_20261108_112830843

Фото: knbgov_kz

Арнайы операция барысында Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды.

​Қара нарықтағы бағасы 100 миллион теңгеден асады деп бағаланған сирек кездесетін құстар тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша жиналған материалдар тиісті процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале