Түркістан облысындағы «Целинный» өткізу пунктінде Қызыл кітапқа енген 11 ителгіні контрабандалық жолмен ел аумағынан әкету әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Фото: knbgov_kz
Арнайы операция барысында Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды.
Қара нарықтағы бағасы 100 миллион теңгеден асады деп бағаланған сирек кездесетін құстар тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша жиналған материалдар тиісті процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.