13.11.2026, 17:45
Оқылды: 4

6 отбасы бүгін қоныстойын тойлап жатыр

Бүгін Қарауылтөбе ауылында  Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығы қарсаңында жаңа тұрғын үйлер салтанатты түрде қолданысқа берілді.

f40b6112-0e97-439b-966b-d35ffc55c473

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, халықты, әсіресе әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы игі жұмыстар өз жалғасын табуда. Бұл жолы да Қарауылтөбеде өткен салтанатта осы елді мекенмен қатар Жанама, Көнеккеткен және Базаршолан ауылының тұрғындары су жаңа баспананың кілтін қолына алды.

f10c6268-cdc0-4df2-972d-cdb9cafc2d38

c4d1f2b8-a728-43a7-84e8-e02ef5f94bc2

Ауыл-ел үшін аса қуанышқа толы шараға аудан әкімі Мұрат Сердалин қатысып, қоныс иелерін құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Аудан басшысы қарауылтөбелік Асылхан  Марат, Нұрхат Тәңірбергенов, көпбалалы аналар: Жанама ауылынан Жұпаргүл Құттыбаева, Көнеккеткеннен Гүлдана Ғұмарова, Базаршоланнан Гүлмира Бақтығалиева, Айбану Қуанғалиға жаңа үйдің кілтін салтанатты түрде табыстады.

cd509d4f-bc29-4a88-95dd-fca8668b97d4

Шарада ауыл ақсақалдары ақжарма тілектерін ақтарып, әжелер шашу шашып, ақ батасын берді. Баспана иелерінің атынан А.Марат осындай жақсылыққа себеп болған жандарға шынайы ризашылығын жеткізді.

Қоныс құтты болсын! Шаңырақтарыңыз шаттық пен берекеге толсын!

Әлия Шарапиева

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале