24.11.2026, 11:45
Оқылды: 8

Сексен бесінде де сергек

Бәйтеректіктердің арасында жан дүниесі шежіреге тұнған, алтын сандық кеуделі аға буын буын өкілдері аз емес. Солардың бірі Зеленый ауылының тұрғыны, Бәйтерек ауданының құрметті азаматы Амангелді Мыңбаев сексеннің бел ортасына шығып отыр.

image-24-11-26-09-40-1

«Жылдарымды парақтап ашып өктем,
Іздеріме қарадым басып өткен.
Тағдырыма Құдая ризамын
Адал өмір нәсіп еткен», - деп ақын Қайрат Жұмағалиев жырлағандай, Амангелді ағамыз ерте жастан ел жүргін, ер жүгін көтеріп, осы кезге дейін адал өмір кешті. Саналы ғұмырын ауыл шаруашылығы саласына арнады. Ауданымызда сүтті мал шаруашылығының дамуына көп тер төкті. 1974 жылы облыстағы үздік зоотехник атанып, «Жигули» автокөлігін тақымына басуы – соның бір айғағы болса керек.

image-24-11-26-09-40
Спорт десе ішкен асын жерге қоятын ол еркін күреске ден қойды. Армияда да боз кілемнің шаңын қағып, әскери округ чемпионы болып, спорт шебері атанды. Кишеневтағы ауыл шаруашылығы институтында оқығанда мықты дегеннің бәрінің жауырынын жер иіскетіп, Молдавияның үш дүркін чемпионы деп танылды. Жас маман ретінде ауданда еңбек етіп жүріп, ел біріншіліктерінде топжарды. Өзі еңбек еткен жерде спорт секцияларын жүргізіп, жас ұрпаққа еркін күрестің қыр-сырын үйретті. Жастайынан спортты серік еткеннен шығар, әлі күнге дейін тың, сергек. Аудан-ауылдағы жиын-шарадан қалмайды. Ауылдағы ағайынның мұңын мұңдап, ел бірлігіне ұйытқы болып келеді.

image-24-11-26-09-40-3
Студент кезде бір топта оқып, артынан өмірлік серігі болған Лидия Андреевна екеуі құрған шаңырақ алпыс жылға жуық уақыттан бері мейірім мен махаббаттың, татулық пен берекенің ордасы болып келеді.

image-24-11-26-09-40-6

Үш перзенті, олардан өрбіген ұрпақтары бүгінде түрлі салада еңбек етіп, оқып-тоқып, ел ертеңінің жарқын болуына үлестерін қосуда. Мақтаныш болған Мыңбаевтар жанұясының «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінде (2016 жыл) ауданымыздың намысын абыроймен қорғауы да заңдылық секілді.

image-24-11-26-09-40-5 image-24-11-26-09-40-7
Баяғыда бір ұзақ жасаған қария «сексеннің де, тоқсанның да қызығы жетіп жатыр» деген екен. Сол айтпақшы, 85-ке сергек күйде келген Аманелді ағамызға Бәйтерек ауданының арқа тұтар ақсақалы болып отыра беріңіз деп тілек арнағымыз келеді.

Серік Маратұлы,
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале