2027-2028 оқу жылында Оралдағы NIS-тің 7-сыныбында оқуға үміткерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына құжаттар қабылдау басталды.

Құжат қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 23-қараша мен 28-желтоқсан (қоса алғанда) аралығында: eGov.kz веб-порталы арқылы тәулік бойы 2026 жылғы 23-қараша сағат 09:00-ден бастап 28-желтоқсан сағат 18:00-ге дейін (техникалық үзілістерді қоспағанда);
Назарбаев Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына қағаз түрінде тапсыру мерекелік күндерді қоспағанда дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 12:30-дан 13:30-ға дейін.
Құжаттар тізімі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында оқу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау екі жолмен жүзеге асырылады:
1) «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы;
2) Оралдағы NIS-тің қабылдау комиссиясына қағаз түрінде тапсыру.
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш тапсыру үшін:
1) «Электрондық үкімет» веб-порталына авторизация жасап «Онлайн сұрау» түймесін басыңыз;
2) өтінішті толтырыңыз және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба), СМС-құпия сөз (міндетті түрде мобильді азаматтар деректер базасында тіркелу қажет), QR-код, бұлтты ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз;
3) Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келетін өтінішті өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
«Электрондық үкімет» веб- порталына тіркелетін құжаттар:
1) конкурсқа қатысуға өтініш және заңды өкілді ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы келісім;
2) құжаттарды тапсыру кезінде шетелдік білім беру ұйымдарында оқитын үміткерлер мектептен оқу сыныбын және оқу/күнтізбелік жылын, анықтаманың берілген күнін көрсете отырып, мемлекеттік немесе орыс тіліндегі, немесе мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды расталған аудармасы бар табельдің/анықтаманың немесе басқа да ресми құжаттың түрлі-түсті электрондық көшірмесі;
3) үміткердің цифрлық түрлі-түсті фотосуреті. Жеке басын куәландыратын құжаттар, туу туралы куәліктер туралы мәліметті Зияткерлік мектеп «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Қабылдау комиссиясына қағаз түрінде тапсыратын құжаттар тізімі:
Үміткердің фотосуретіне қойылатын талаптар:
Рұқсат етілмейді:
Қағаз түрінде құжат тапсырғанда барлық құжат пластикалық папкаға тігіліп тапсырылады.
Үміткерлерде кешенді тестілеу күндері өзімен бірге түрлі-түсті принтерде басып шығарылған рұқсат қағазы болуы қажет.
Құжаттарды қабылдаудан бас тартуға келесілер негіз болады:
Кешенді тест 2027 жылғы 26, 27 наурыз күндері өтеді
Қағаз түрінде тапсыратындарға құжаттар Орал қаласы, Тәуелсіздік, 16 мекенжайында, яғни Орал NIS ғимаратында қабылданады.
Байланыс нөмірі: +7 771 543 87 74
Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі