26.11.2026, 15:15
Оқылды: 12

Сырым ауданында ардагерлермен діни ахуал және жастар тәрбиесі талқыланды

Сырым ауданынан БҚО «Дін істері мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің басшысының орынбасары, теолог маман Абдувахид Бабаханов аудан ардагерлерімен кездесіп, діни ахуал, жастар тәрбиесі бағытында әңгіме-кеңес өткізді.

ақпараттық түсіндіру тобы Сырымда

Кездесуде Абдувахид Абытханұлы негізгі мақсаты туралы түсіндіріп, елдегі жағдай, діни мәселенің хал-ахуалы жөнінде кеңінен ақпарат берді.

Кездесуде ардагерлер көкейде жүрген сауалдарын ортаға салып, ой-пікірлерін айтты.

Ең бастысы әлеуметтік желідегі діни мазмұндағы хабарларды қабылдауда өте сақтық қажеттігі айтылды.

Сондай-ақ жастармен жұмыс, тәрбие мәселесі де үнемі назарда болуы тиістігі әңгіменің басты тақырыбы болды.

Мүсірбек Айташев,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале