ҚР Экология министрлігінің хабарлауынша, 2026 жылғы мемлекеттік орман қоры аумағындағы өрт қауіпті маусым қорытындыланды.

Фото: zhaikpress.kz
Биыл 902 орман өрті тіркелді. Өрт санының өсуіне қарамастан, өрт шарпыған аумақ 27,5 мың гектардан 14,9 мың гектарға дейін қысқарды. 2023-2026 жылдары орман шаруашылығы мекемелеріне 2 204 бірлік арнайы техника сатып алынды. Ормандарды авиациялық қорғау 12 облыста жүзеге асырылып, әуе кемелерінің жалпы ұшу уақыты 6 827 сағатты құрады.
Орман өрттерінің алдын алу, материалдық-техникалық базаны нығайту, мамандарды даярлау және өртті ерте анықтау жүйелерін енгізу жұмыстары жалғасуда.