27.11.2026, 23:30
Оқылды: 0

Оралда жыршы-термеші Демеубай Жолымбетовтің «Ғасырлар үні – жыраулық дәстүр» атты кеші өтті

Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармонияның 60 жылдығы мен Мұхит Мерәліұлының 185 жылдық мерейтойы аясында ҚР Мәдениет саласының үздігі, жыршы-термеші Демеубай Жолымбетовтің «Ғасырлар үні – жыраулық дәстүр» атты шығармашылық кеші өтті.

IMG_0233

Рухани тағылымға толы шарада өнер иесі елдік пен ерлік, адамгершілік пен имандылықты арқау еткен көне жыр-толғауларды орындап, әр туындының шығу тарихы мен тәрбиелік мәніне кеңінен тоқталды.

Кеш соңында облыстық филармония директоры Бауыржан Ергенұлы ұлттық мұраны насихаттауға қосқан үлесі үшін Демеубай Жолымбетовке алғысхат табыстап, иығына қазақы дәстүрмен шапан жапты.

Айжан Амангельдина,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале